Егеменді еліміз өз Тәуелсіздігін 1991 жылы 16 жетоқсанда алды. Содан бері Тәуелсіздіктің дәмін татып жүргенімізге міне 30 жыл болды.
Тәуелсіздік – бұл бостандық, еркіндік, бақытқа бастар жол. Аталған құндылықтарды отыз жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде астанамыз Нұр-Сұлтанға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.
Тәуелсіздік жайлы қанша жыр төксек те аз болатын еді. Себебі, бұл халқымыздың тарихы үшін маңызы мен мәні зор ұғым. Тарихқа көз жүгіртіп, ата — бабаларымыздың көрген азаптарын еске алсақ, көзімізге жас келеді.
Тәуелсіздік сөзін естігенде көз алдымызға болашағы жарқын ел, арманы асқақ жастар елестейді. Иә, біз болашағы зор елміз. Себебі, алдымызда 2030, 2050 стратегиялары, «Мәңгілік ел идеясы» жатыр. Мәңгілік ел болып қалу үшін барлығымыз жұмыла жұмыс жасап, бірлесе күш жұмсауымыз керек. Бір мақсатта, бірлікте болуымыз жалғаса беретініне күмәнім жоқ.
Тәуелсіздіктің бізге оңай келмегені, ата — бабамыздың, әсіресе, Алаш арыстарының жылдар бойғы күресінен кейін ғана қолымыздың жеткені бәрімізге мәлім. Оңай келмегендіктен бұл сөз бізге асыл ұғым болып қала бермек.
Тәуелсіздік жолында күрескен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты есімі тарихта алтын әріппен жазылатындай тұлғаларымыз бар. Тәуесіздік туралы айтылғанда бұл тұлғаларымыздың есімін атап өтпесек болмайды. Қазір алаңсыз, бақытты өмір сүріп жүргеніміз – солардың арқасы. Бұл жандар – халқының бақытын ойлаған хас батырлар.
Белгілі ақын Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»,-деп бізге сенім білдіріп кеткен еді. Мағжан атамыздың осы бір жолдарын оқыған сайын рухтанамын. Болашақ – қазірден басталады. Болашақта еліне адал қызмет атқарар тұлға тәрбиелеу үшін қазір адал шәкірт, тәрбие көрген саналы ұрпақ тәрбиелеуге ұмтылуымыз қажет.
Тұңғыш Президентіміз «Тәуелсiздiктiң әрбiр жылының бiз үшiн мәнi бөлек, маңызы айрықша»,-деген болатын. Тәуесіздік күні тек 16 желтоқсан емес, біздің әрбір күніміз тәуелсіз күн, әрбір күніміздің мәні бөлек, маңызы айырықша.
Н.ҰЛДАНОВА,
Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі «Айгөлек» шағын орталығының тəрбиешісі.
Сəлеметсіздер ме! еңбектеріңіз табысты,жемісті болсын.