МАБ — барлық қызметтерді eGov.kz, eGov mobile мобильді қосымшасы және телеграм-боттан бірнеше минут ішінде алуға мүмкіндік беретін клиенттердің ұялы телефон нөмірлерінің базасы.
МАБ-қа тіркелудің бірнеше жолы бар:
1) eGov.kz порталы арқылы
ЭЦҚ-сыз: eGov.kz-ке кіріңіз > төменгі оң жақ бұрышта «виртуалды ассистентке» басыңыз > «қоңырауларды» таңдаңыз > «ХҚО» таңдаңыз > «бейнеқоңырауға» басыңыз > виртуалды ассистентпен қосылғаннан кейін «жеке куәліктерді» көрсетіңіз > телефон нөміріңізді жазыңыз > ассистент жіберген растау кодын айтыңыз > дайын!
ЭЦҚ-мен: eGov.kz-ті ашыңыз > «жеке кабинетке» кіріңіз > «телефон» бағанында телефон нөмірін енгізіңіз > ЭЦҚ көмегімен сұрау салуға қол қойыңыз.
2) eGov mobile қосымшасы арқылы
EGov mobile-да авторланыңыз > «Жеке кабинетке» кіріңіз > «Телефон» бағанында телефон нөмірін көрсетіңіз > растау кодын енгізіңіз.
Керемет