Өзін – өзі басқару тиімділігі

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалында «Өңірді дамыту үшін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау» тақырыбында ауылдық округтер мен ауыл әкімдері үшін семинар өтуде. Өңір бойынша 78 әкім Талдықорған қаласында, 110 әкім Алматы қалсында оқып жатыр.


Семинар екі модульге бөлінген. Алғашқысы – «Жергілікті өзін-өзі басқару реформаларын іске асыру құралдары». Онда салық, бюджеттік процес, коммуналдық меншікті тиімді басқрау, кіріс базасын қалыптастыру және практикалық дағдыларды иелену туралы дәріс оқылады. Екіншісі – «Жобаларды басқару, дамыту және қорғау». Бұл семинарда әкімдер ауылдық округтегі кіші және орта бизнесті дамыту, экономикасын өрістетуге байланысты жобалар ұсынып, нақты іске асыру бойынша жұмыс атқарады.
– Өткізіп жатқан семинардың негізгі мақсаты жергілікті әкімдер өз бюджетін жетілдіру, орындау үшін қандай жұмыстар жасау керек осы жөнінде оқытып, үйретіп, белгілі бір бағыт-бағдар беру. Семинар барысында ауыдық округтың бизнесін дамыту, әлеуметтік жағдайын көтеру үшін үлкен жоба қорғап шығады. Әрмен қарай орындалуын қадағалап отырамыз, – деген экономика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Шарипов осы туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында да нақты тоқталғанын айтты. Семинарға облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармасының басшылары, сот және прокуратура органдарының, облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит пен мемлекеттік кірістер, полиция департаментінің өкілдері де қатысып, тәжірибе алмасуда. Біліктілігін жетілдіріп жатқан Алакөл ауданы Достық ауылдық огругінің әкімі Қайыржан Қайранбеков: «Дәрісте ауылдық округтың экономикалық, кәсіпкерлікті дамыту бойынша жасалатын жобаларды қалай әзірлеу қажет, жоба аясында қандай нәтижеге жету керектігін үйреніп, көкейімізде жүрген сұрақтарға жауап алудамыз», – деді.
Ауылдық округ әкімдері үш аптаның ішінде мемлекеттік басқару жүйесіндегі жобалары басқару, жоспарлау, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру, әкімшілік айыппұл салу тәртібін толық меңгеріп, кейін қызметінде пайдаланып, нәтижесіне қол жеткізетін болады.

Мәліметпен бөлісу: