Жылы сөздің, жүз дәрілік

Өмірде ақшаға сатып ала алмайтын құндылықтар бар. Қанша жерден бай, болып тұрсаң да, жүрегіңде иманың, бойыңда адамгершілік қасиетің болмаса, мұның бәрі далбаса. Мынау бес күндік жалғанда қамкөңіл жандарға көмек көрсетіп, оларға бірауыз жылы сөз арнасақ, одан қай-қайсысымыздың да кем болып қалмайтынымыз анық. «Жылы сөздің, жүз дәрілік емі бар» дегендей тағдырдың тауқыметін тартып отырған пенделерге бір ауыз жылы сөздің өзі қүш – қуат береді.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Молықбай» атындағы мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аудан әкімінің қайрымдылық шыршасы өтті.

Шараның жылдағыдан ерекшелігі мүмкіндігі шектеулі балалардың өз қолымен жасаған қол өнер бұйымдары қойылыпты. Жиналған көпшілік шара соңында осы қолдан жасалған қолөнер бұйымдарын қызығушылықпен сатып алды.

 

Кенжебек Әкімбек.

Мәліметпен бөлісу: