ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2021 АҚСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ


Жыл соңы, желтоқсан айының 10 жұлдызында қобызшы “Молықбай Байсақұлы” атындағы аудандық мәдениет үйінде Ақсу ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген жалынды жастарға Ақсу ауда­ны әкімінің «Жыл үздігі – 2021» жастар сыйлығы салтанатты түрде табысталуы өтті. Ауданымызда әр салада тынбай еңбек етіп жүрген 19 жас маман аудан әкімінің ар­найы сыйлығымен марапатталды.

Шара барысында өз саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген жастарға ау­дан әкімінің орынбасары Есжанов Ғазиз Отарбайұлы «Жыл үздігі – 2021» жастар сыйлығын салтанатты түрде табыстап, жастарды жылы лебізімен, жақсы тілегімен құттықтап, алғысын білдіріп, үлкен сенім артатындарын айтып өтті. Ауданымыздың ақсақалы Аманкелді Айтбайұлы да аудан жастарын құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Атамыз өз сөзінде ел ертеңі жастар қолында екенін айтып, ақ батасын берді.

Рәсімнің соңында үздіктердің қатарынан көрініп, “Үздік жас әдебиетші – 2021” жастар сыйлығының иегері Ерден Нұрахмет сөз сөйлеп, руханият жолындағы жұмысының бағаланып жатқанына өз алғысын білдіріп, барша марапатталушыларды құттықтады.

Жиын соңы И.Исабаев атындағы өнер мектебінің ұстаздары, оқушылары, аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Ендеше, оқырман қауымға биылғы жылдың үздіктерін таныстырып өтейік.

1. «Үздік жас ұстаз» номинациясы бойын­ша Абдықадыр Алтынай Қожахметқызы.

2. «Үздік жас мемлекеттік қызметші» но­минациясы бойынша Дебирова Хэда Ваха­евна.

3. «Үздік студент» номинациясы бойынша Есенкелды Сымбат Ерікқызы.

4. «Үздік ерікті» номинациясы бойынша Жеңіс Данияр Мұхтарұлы.

5. «Үздік жас отбасы» номинациясы бой­ынша Бекмұханбетовтар отбасы.

6. «Үздік жас өнерпаз» номинациясы бой­ынша Текелбекова Айман Айтқалиқызы.

7. «Үздік жас кәсіпкер» номинациясы бой­ынша Болатхан Айберген.

8. «Үздік жас әскери қызметкер» номина­циясы бойынша Оңғар Бағлан Оңғарұлы.

9. «Үздік жас әдебиетші» номинациясы бойынша Нұрахмет Ерден Қыдырбекұлы.

10. «Жасыл ел» жасағының үздік сарбазы номинациясы бойынша Болатбекұлы Ерлан.

11. «Үздік жас спортшы» номинациясы бойынша Шаяхмет Мөлдір Талғатқызы.

12. «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушы» номинациясы бойынша Қайсанова Жансая Өксікбайқызы.

13. «Үздік жас саясаткер» номинациясы бойынша Манап Серікбол Елеусізұлы.

14. «Жасұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздігі номина­циясы бойынша Дауренқызы Алина.

15. «Үздік жас әлеуметтік қызметкер» но­минациясы бойынша Қайырғали Сандуғаш Қайырғалиқызы.

16. «Үздік жас мәдениет қызметкері» но­минациясы бойынша Ілияс Тұрсынбекұлы. Осы жерде айта кететін тағы бір жайт, Ілияс отбасымен былтыр осы уақытта “Үздік отбасы” номинациясына ие болған еді. Ауданның марапатымен қоса өткен жылы облыстық үздіктер қатарынан көрініп келген болатын. Құттықтаймыз!

17. «Үздік жас ғалым» номинациясы бой­ынша Тоқтарбай Елдос Нүсіпұлы.

18. «Ауылшаруашылығының үздік жас маманы» номинациясы бойынша Истам­беков Дәурен Меделбекұлы.

19. «Үздік жас журналист» номина­циясы бойынша Құдайбергенова Әмина Мұхтарқызы.

20. «Үздік жас дәрігер» номинациясы бойынша Абибулаева Арайлым Баисқызы марапатталды.

Ербол СЫМХАНОВ.

Мәліметпен бөлісу: