Жыл басынан бері 30 елді мекенге көгілдір отын құбыры тартылды

Қазіргі уақытта Жетісу облысында газдандыруға жататын 192 елді мекеннің 63-і газдандырылды, соның 30-ы жыл басынан бері газға қол жеткізді. Сөйтіп газдандыру деңгейі 56,5%-ға жетіп, 394,9 мың тұрғын газға қосылуға мүмкіндік алды. Келесі жылы 21 нысанның құрылысы жалғасып, тағы 42 нысанның құрылысы басталады. Мәселен, 2025 жылдың соңына қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі 126 елді мекеннің барлығы газдандырылады. Соның нәтижесінде газға бес жүз мыңнан астам тұрғын немесе жалпы халықтың 71,4% қол жеткізеді.

Мәліметпен бөлісу: