Журналист болғым келеді…

 Бүгінгі жалынды жас намыс найзағайын жарқылдатып, жігерін қылыштай жанып, туған елі мен жерінің гүлденіп, көркеюіне ба­рынша күш-қайратын жұмылдыру арқылы өркениетті озық елдер­мен иық тірестілер дәрежеге жеткізуге үлес қосуға тиісті.

Осы тұрғыдан алғанда мен барша жаңалықтардың жаршы­сы журналист болсам деген үлкен арман – мұрат бар. Мұндай ұйғарым жасауға туған жерден қанағаттанған белгілі қайраткер аға-апаларымның үлкен әсері тигендгі анық. Қазірде мен тұрып жатқан мемлекеттің өзінде қаншама журналист мамандар бар. Олар — Нартай Аралбай, Аман Тасыған т.б. сынды ағаларымның жолын қуып, журналист болсам,-деп армандаймын. Халқымызға адал қызмет етіп, қоғамдағы көкейтесті мәселелерді бүгінгі талап тұрғысынан шешуге, мәртебелі міндетті абыройлы атқаруға үлес қоссам деймін. Мұның өзі жоғары шеберлікті талап ететіндігін де жақсы түсінемін. Соған байланысты менің аяулы анам – Жақыпбаева Гүлсән Туғанбайқызы кез — келген кезеңде және бүгінгі өркендеп өскен дәуірде сапалы білім, саналы тәрбие ұрпақтардың әрқайсысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін толықтай ашатындығын ұғындырып, бәсекелестік кеңінен дамыған қазіргі кезеңге лайықты білікті маман болуыма тілектестігін білдіріп, ақылын айтып, білмегенімді түсіндіріп, тиянақты білім алуыма үнемі көңіл бөліп, жақсылық жолын нұсқап отырады. Менің анам елге сыйлы Кеңжыра орта мектебінде аға тәрбиеші, ауыл-аймақтың құрметіне бөленген жайдарлы жан. Менің осы кезге дейін жеткен жетістігімнің себепшісі болып отырған анам жастарға үлгі болу­ды үндеп, өзін олардың тәлімі мен тәрбиесіне жауаптылардың бірі санайды. Бізді адал еңбекке баулып, білімге құмар болуға итермелейтін де, үйдің шаруасын істеуге үйрететін де анамыз.Бірақ менің анам елдің өзекті мәселесін шешіп отыратын зиялы адам бо­лып өсуіме, дәлірек айтқанда журналист болуыма қазірден бастап өз үлесін қосып келеді. Тағы мен үшін үлкен рөлі бар тіл маманы өз кәсібінің майталманы, қазақ тілі пәнінің мұғалімі – Жаңабаева Ақмарал апайымның еңбегі ескерілмей қоймас. Осы кезге дейін Абай оқуларынан қаншама жүлделер алып жүргенімнің өзі мені осындай арман жетегіне баруыма себепші болып отыр.

Қазір ақпараттық технологияның жедел жетілген кезі. Оларды игеру қазіргі жастардың біліміне, біліктілігіне, іскерлік қабілетіне тікелей байланысты болатындығы ақиқат. Осындай үрдіс үдесінен шығу үшін жас мамандар білімді де, білікті болу керек. Білімнен асқан қуатты күш жоқ. Білім нәрімен қаруланған ма­ман бар қиындықты жеңе білген жөн. Әрқашан алға ұмтылып, өз өміріңнің қаһарманы болуға тырысқаның, ол сенің өз мақсатын асқақ арманың болғанының дәлелі деп ойлаймын. Сондықтан өз арманыңды қазірден бастап жоспарла. Сонда ғана асқақ арманы­на сөзсіз қол жеткізе аласың.

Ұлдана БОЛАТҚЫЗЫ,

Кеңжыра орта мектебінің 7-сынып оқушысы.

Мәліметпен бөлісу: