«Жомарт жүрек» төсбелгісін табыстады

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаев: «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» мақаласында: «Туған жеріне көмек жасаған жандарды әрдайым қолдап, кұрметтеуіміз қажет»,- деген еді.

Әлемді дүрліктірген пандемия қазақ елін де айналып өтпеді. Алайда Мемлекет Басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың дер кезінде тапсырма беріп, облыс басшысы Амандық Ғаббасұлының қолдауының арқасында індеттің алдын алу мен болдырмауға қатысты тиісті іс- шаралар атқарылуда.

Ел басына күн түскен заманда, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,- демекші жаны жайсаң азаматта­рымыз жанымыздан табылып, қайырымдылық көмектерін ұсынуы құптарлық іс болғаны сөзсіз.

Осы тұста, қашанда бұқараға жасаған жақсылығын жарияламай, ізгілікті істің ұйытқысы болуға дай­ын тұратын жомарт тұлғалар біздің ауданда көп екендігі көңіл қуантады. Ақсу жұртшылығын ұйымдастырып, халықтан қаржы жинап, дәрі — дәрмектермен көмек көрсетіп, 11 оттегі концентратын ауданымызға алып келген жерлесіміз Меру­ерт Серікбайқызы мен Бейісқали Даниярға және атсалысқан барша еріктілерге зор алғысымыз шексіз.

Ауданымызда пандемия кезінде ауданға қолдау көрсеткен кең жүректі, Дүпбаева Меруерт Серікбайқызына аудан әкімі Базар­ханов Есім Сейілханұлы «Жомарт жүрек» төсбелгісін табыстады.

Лайықты құрметің құтты болсын Меруерт қарындасым!

Ербол ӘБДІКӘРІМҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: