
Қайырымдылық — адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдар-дың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қазан айының екінші аптасында өтетін мүгедектер күніне орай «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясы өтті. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады. Ауданымыздың бас имамы Анарбай Тасболатұлы Мамбетовтың ұйымдастыруымен 13 қазанда аудан орталығында тұратын үйден арнаулы әлеуметтік қызмет алатын 13 (он үш) мүгедектігі бар адамдарға жылы көрпешемен, жеміс-жидек, тәтті тағамдар себетін берді.
Бұндай қайырымдылық іс-шаралар осы кісінің қолдауымен аудан бойынша үйден қызмет алатын мүгедектерге 5 (бес) жыл бойы өткізіліп келеді. Әлемнің бар жұмбағын шешпеседе кей сұраққа жауап іздеп барғанда жылы жүзбен қарсы алып, қоңыр дауысымен, сабырға шақырып адамның көңіліне сенім ұялатып шығарып салады. Біздің ауданымыздың имамы Анарбай Тасболатұлы жылағанды жұбатып, сұрағанға демеуші іздеп жағдайын жасайды.
Сонымен қатар бұл қайырымдылық акциясына аудан орталығындағы кәсіпкерлері қатысып, демеушілік көрсетті. Аудан бойынша үйден қызмет алатын 18-жастан асқан 39 (отыз тоғыз) мүгедекке, атап айтқанда «Жетісу» сауда орталығының иесі Умеджон Абдуллаев, «Даулет» әмбебап иесі Жанатбеков Қайрат, «Қадыл» сауда орталығының иесі Қазыкен Қадыл, киім-кешек, азық — түлік себеттерін берді.
Жалпы аудан бойынша бұл акция өз жалғасын тапты, әр округтағы әлеуметтік қызметкерлер демеушілер арқылы үйден қызмет алушы 18 жастан асқан мүгедектерге спорттық киімдер, оданда басқа әр-түрлі сыйлықтар берді. «Жомарт жүрек» акциясына осы демеушілік көрсеткен адамдарға ата-аналардың, қызмет алушылардың атынан ризашылық білдірем.
М.ОМАРОВА,
Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлімше меңгерушісі.