Жомарт жүрек

 Қазан айының басында өтетін мүгедектер күніне орай «Жомарт жүрек»  қайырымдылық акциясы өтті. Бұл қайырымдылық акциясына аудан орталығындағы кәсіпкерлер демеушілік көрсетті. Атап айтқанда: «Үміт» әлеуметтік дүкенінің иесі Нарышева Бағлан,  «Тайыржан» сауда орталығынын иесі  Сындарбекова Ағила, «Ғажайып» сауда орталығының иесі Тұлымшақов Айдос, саудагері Құрманғожина Толқын, «Заңғар» дүкенінің иесі Байдалинова Гүлназ, «Манас» сауда орталығының иесі Ерғалиева Ғалия, «Азат» сауда орталығының иесі Байтулақова Шолпан, «Оспан» дүкенінің иесі Қыстаубаева Күлянда, «Альбина» дүкенінің иесі Ахметова Гүлсім, «Баракат» дүкенінің иесі Дильбара, «Капура» наубайханасының иесі Мырзабекова Бибігүл.

Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек,  ізгіліктің анық көрінісі,  адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. Жүрегінде иманы бар жұрт қолынан келгенше Алла алдындағы қа¬сиетті парыздың бірін қайырым¬дылық деп біледі. Өз мақаламызда мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың өтініші бойынша жомарт жүрек жандарды жария етіп алғыстарын жеткізуді жөн көрдік.

Аудан бойынша 78 (жетпіс сегіз) мүгедек бала отбасына және 18 жастан асқан мүгедектерге азық — түлік себеттерін әр үйге барып өз қолдарымен табыстады.

Қ.Бекбаланов,

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы. 

Мәліметпен бөлісу: