
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Оның негізгі бөлігі елдің әлеуметтік — экономикалық дамуына арналғаны белгілі.
Үстіміздегі аптада аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті. Халық арасында жолдауды талқылап, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Респуб-ликасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Илимжанова Зайда Абдыманақызы және бөлім басшысы Сүлеймен Мәулен Бағдаулетұлы мен Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалының бас маманы Кабдрахманов Бауыржан Серікұлы келіп кездесу өткізді.
Кездесу барысында жолдауда аталған әлеуметтік мәселелер бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты, жұмысынан айырылу, бала туғанда берілетін бала күтіміне арналған жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қызмет түрлерін проактивті форматта алып — тағайындау жайына жеке — жеке тоқталып, толыққанды түсіндіріліп және халықты толғандырылып жүрген сауалдарға жауап берілді.
Қайрат БЕКБАЛАНОВ,
Ақсу ауданының ЖҚӘББ басшысы.