Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен тәуелсіз Қазақстанның дамуының басты бағыттарын белгілеп келеді.
Соның нәтижесінде егемен еліміз әрқашан жаңа биіктерді бағындырып, бүгінгі күні «Қазақстан-2050» Cтратегиясын қабылдаған, ең дамыған 30 елдің қатарына жету мақсатын көздеген айбынды мемлекетке айналды. Яғни, енді осы ұлы мақсаттарға жетудің жаңа тарихи дәуірі басталды.
Елбасымыз халыққа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жариялап, өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделудің және табысқа жетудің 10 міндетін атап көрсетті.
Оның ішінде ең алдымен индустрияландыруға, әсіресе кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға, кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізуге, «Ақылды технологиялар» арқылыаграрлық ғалымды дамытуға, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізуге, қаржы секторын қайта жаңғыртуға айрықша назар аударып отыр.
Сондай-ақ Елбасының биылғы Жолдауында әр жылда негізгі міндетке айналып келе жатқан әлеуметтік салаға да ерекше көңіл бөлінді.
Онда жастарды жаңа технологиялық жағдайға дайындаудың маңызды шарттары айтылып, білім берудің жаңа сапалық көрсеткіштері айқындалды.
Елбасының заманауи даму жолдарын ескере отырып қазақ тілінің өркендеуіне, рухани жаңғыруға, халықтың денсаулығын нығайтуға баса назар аударғаны-Президентіміздің халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған ұлттық рухын көрсетті.
Сондықтан Елбасының биылғы Жолдауы-заманға сай тарихи өрлеу дәуіріне бастайтын, барша қазақстандықтарды ортақ мақсат жолында жұмылдыратын, әрбір азаматты нақты іс әрекетпен өсуге жетелейтін, біртұтас ұлт болу қадамымызды айқындайтын өте маңызды құжат.
Оны жүзеге асыру әрқайсымызға, соның ішінде біздің Арасан ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлеріне зор жауапкершілік жүктейді.
Оны абыроймен атқару баршамыздың абыройлы міндетіміз.
Округке Елбасының Жолдауын насихаттауға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Рахманов және аудандық мәслихат депутаты Ғ.Сейсебаев қатысты.
Р. Ғалымжанова,
округ әкімі, «Арасан» БПҰ-төрағасы.