Терең мағынаға ие әрбір жаңа Жолдау – ең алдымен егемен еліміздің ертеңгі жарқын болашағына бастар басты бағыт. «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжым мүшелерін елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатынның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауымен мектеп директоры Р.Н.Ибраимова таныстырып, әр бөліміне тоқталып өтті. Елбасымыз еліміздің әл-ауқатын жақсартуға көптеген келелі мәселелерді атап көрсетіп отыр. Әрине, әлемде әртүрлі жағдайлар болып жатқанда, халықтың алдағы уақытта жағдайы қалай болар екен?- деген сауал көпшілікті толғандырып отырғаны баршаға мәлім. Жолдауда сол сауалдардың жауабын Елбасының айтқанынан біліп отырмыз. Мәселен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсетіні, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өсетінін естіп қуанып жатырмыз. Әрине, Жолдауда көптеген мәселелерге қатысты межелі бағыт-бағдарлар сараланып таразыланған. Жолдауда көрсетілген жолмен жүретін болсақ, қазақ елінің басына жақсы күндердің туатын уақыттың алыс емес екенін аңғарғандаймыз
Қазіргі таңдағы білім саласына енген жаңалықтармен қатар, мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігіне тоқталып, жаңа дағдыларды, креативті, сыни тұрғыдан ойлай білетін ойлау негіздері бала кезден қалыптасатынын естен шығармауымыз қажет. Білім беру жүйесінде білім сапасын бағалау халықаралық стандарттарға негізделіп жүзеге асырылатындығы, мектеп оқушыларын сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеуіміз керек. «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірленетіндігі, мұғалімдер үшін барлық игілікті қарастыратындығы, жүктемені азаятындығын да Елбасымыз атап көрсетіп отыр. Жолдауда айтылған әрбір бөлімнің берері көп. Тек соны тиімді пайдалануға күш салуымыз қажет.
Ең жақсы жоспар-заман талабына бейімделген жоспар. Сондықтан уақыттың беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды нақтылап отырғанымыз өте орынды. Жолдауда көрсетіліп отырғандай, халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмыс сапасын жақсартуға мән беру бұл ерекше маңызды мәселелердің бірі деп ойлаймын. Халқымыздың жақсы өмір сүріп, ынтымақта болуы әрқашанда маңызды мәселе. Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары осы мақсатта жұмыс жүргізуде. Біздің мақсатымыз- елі бақытты, жері гүлденген, қасиетті Отанымызда болашақ жастарын тәрбиелеу. «Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды»,-деген Елбасы сөздері әр қазақстандықтың қаперінде жүрер ізгі сөздер деп ойлаймын.
Кыдырманова Ардагүл Нұрханқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
«Шонай батыр» бастауыш партия ұйымының мүшесі