Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 5 қазандағы Жолдауын аса зор ықыласпен оқыдым. Халықтың тұрмыс сапасын арттыру үшін білім, ғылым, денсаулық сақтау саласына баса назар аударған мемлекет басшысы «Ұлт саулығы-мемлекеттің басты басымдығы» — деп, медицина қызметкерлердің жұмысын ынталандыру мақсатында алдымыздағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20%-ға көбейтуді тапсырды. Бұл –медицина қызметкерлеріне күш-жігер беріп, өз қызметіне деген жауапкершілікті одан ары күшейте түседі. Елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуда Елбасымыз 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс деп тапсырма берді. Ол дегеніміз 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңадан Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың салынатындығы және онда озық технологиялық емдеу тәсілдері қолданатындығы барлық қазақстандықтарды үлкен сенім ұялатады.
Жолдауда денсаулық саласы қызметкерлерінің жұмысы туралы ғана емес,халықтың өз денсаулығына аса ұқыптылықпен қарау керектігі де кеңінен айтылған. Ол үшін салауатты өмір салтын ұсынып, спортпен шұғылданып және дұрыс тамақтану қажеттігі белгілі. Иә, бірінші байлық-денсаулық екенін халық біледі, түсінеді. Біз аурухана ұжымы мен «Ақын Сара» бастауыш партия ұйымы Елбасы Жолдауын қолдайды және жүзеге асыруға жұмысты ұйымдастарады.
Б.Бабикова аудандық орталық аурухана
дәрігері, «Ақын Сара» БПҰ-ның төрайымы