Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі»,- деп айтқаны бәріміздің есімізде. Дені сау бойының күш — қуаты мығым адамның кез — келген шаруада жетістікке жетері анық. «Шынықсаң шымыр боласың»,- демекші шыныққан адамның денінің сау болып жетілері айдан анық. Ауданымызда да спортпен айланысуға мүмкіндіктер кеңінен жасалуда. Спортшыларымызда жеңістің тұғырынан көрініп, аудан абыройын асқақтатуда. Нақтырақ айтсақ, бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа шақыру және облыстық чемпион атқа дайындық мақсатында ауданымыздың футболдан құрама командасы Сарқан ауданының құрама командасымен кездесу өткізді.
Жалпы кездесу өте тартысты өтті. Екі жақ команда да аянып қалған жоқ. Бар шеберліктерін салды. Жарыс болған соң біреудің ұтып, біреудің ұтылары заңдылық екені баршаға аян. Сонымен бағы да бабы да келіскен ауданымыздың құрама командасы Сарқан құрама командасын 4\1 есебімен басымдылық көрсетті. Алдағы уақытта Ескелді, Сарыөзек аудандарымен қатар Талдықорған қаласының футбол командаларымен жолдастық кездесу өткізіп, шаберліктерін әлі де шыңдап, ел чемпионатында топ жаруды жоспарлауда.
Б.ШАЛАПОВ, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы. Т.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, әдіскер.