2022 жылдың 27 желтоқсан күні «AMANAT» партиясы Ақсу аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысында «Өзгеру жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының Жол картасының 2022 жылғы жүзеге асырылуы туралы мекеме басшылары — партия мүшелері есептері тыңдалды. 2022 жылы Сайлауалды бағдарламадағы жоспарланған 50 іс-шараның – 35-і немесе 70%-ы орындалды, 15-і орындалу сатысында.
Биылғы жылы Көкөзек ауылында БМК, Сағабүйен ауылында дәрігерлік амбулатория салынды. Алтынарық ауылында фельдшерлік акушерлік пункт салынуда. Сағабүйен ауылында Т.Тоқтаров атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Сағакүрес ауылында жаңа мектеп құрылысы салынуда. Сайлауалды бағдарламада көрсетілген шаралар бойынша жұмысты ұйымдастыру мекеме басшылары — партия мүшелеріне тапсырылды, орындалуы партия филиалы тарапынан бақылауда болады.
Еламан МАРАТҰЛЫ,
аудандық партия филиалының консультанты.