Жоғарғы оқу орындары түлектерінің назарына

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың соңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жаңалықтардың бірі – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (бакалавр, магистратура) бойынша мемлекеттік тапсырыс оқу орындарын жоғары нәтижемен (GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары) аяқтаған түлектер, осы оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының келесі әкімшілік лауазымдарына:

  1. облыс ауданның  немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және маслихаты аппараттарының төменгі лауазымдарына;
  2. жегілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және  облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымдарына;
  3. аудандық маңызы бар қала,ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымдарына;
  4. орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымдарына орналаса алады.

Бұл ретте, жас түлек бос лауазымдар туралы ақпаратты әкімдіктен (мемлекеттік органнан) білуіне болады.

Азаматтарды мұндай тәртіппен мемлекеттік қызметке қабылдау мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның келісімін ала отырып жүзеге асырылады.  Яғни, әкімдік (мемлекеттік орган) түлектің білімін растайтын құжатты (диплом), жоғарғы оқу орны беретін мемлекеттік тапсырыспен оқығаны туралы анықтаманы, бос лауазым туралы ақпаратты еркін нысандағы хатпен уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар негізінде және түлектің бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастырып, лауазымға қабылдауға келісім береді немесе мұндай келісім беруден бас таратады.

Қосымша ақпарат алу үшін 8(7282) 241153, 241050, 241161 байланыс телефондарына хабарласуға болады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: