Жетісулық шекарашылар А.Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Алматы қаласында орналасқан Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды.

Ұлы түрколог, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйде 1934-1937 жылдары отбасымен бірге Зубовтың үйінде тұрған. 1988 жылы тарих және сәулет ескерткіші болып танылып, 1993 жылы мемориалдық мұражай-үйі ашылды.

Мұражай экспозициясы үш бөлмеден тұрады – бұрынғы ас үй, балалар бөлмесі және отағасының кабинеті. Мұражай бөлмелерінде Байтұрсынұлының  отбасы, достары мен пікірлестері туралы баяндайтын құжаттар мен фотосуреттердің түпнұсқалары ұсынылған.

Сонымен қатар, «Қырық аңыз», «Маса», «Оқулық» (үш кітап), «Тіл білімі» (үш кітап), «Баяншы», «Ер Сайын», «Бастауыш», «Жаңа астар», «Диплом» қолжазбалары ұсынылған», «Жоқтау», «Әдебиеттану», «Тіл таным» (екі кітап) және мұрағаттық фотоматериалдар бар.

Ұлы тұлғанының өмірінің соңғы күндері тұрған үйіне барған шекара сақшылары қоғам қайраткерінің ғұмыры мен еңбек жолы туралы көптеген мағлұмат алды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: