Жетісуда жыл соңына дейін 30 елді-мекен газға қосылады


Өңірде бүгінгі күні 33 елді-мекен газдандырылып, аймақты газдандыру деңгейі 46% қамтып отыр. 2024 жылдың соңына дейін тағы 30 елді-мекен газға қосылады. Бүгінгі таңда құны 131 млрд. теңге құрайтын «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Ұзындығы 302 км, 6 автономды газ тарату станцияларын орнату көзделген. Жалпы 433 км газ тарату желілері салынбақ. Нәтижесінде 124 мың тұрғыны бар 66 елді-мекенді газға қосылады. Жыл соңына дейін өңірдегі 192 елді-мекен толық газдандырылады.
Жетісудың 20 елді-мекенінде ауыз су сапасы жақсарады.
2023 жылы облыста сумен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау бойынша 25 жоба іске асып, орталық сумен 2 ауыл қамтамасыз етілді. Ал 9 елді-мекенде 112 км сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылды. Биылға 22 жоба қолға алынып, нәтижесінде облыстың 2 ауыл орталық ауыз сумен қамтылып, 20 елді-мекенінде ауыз судың сапасы жақсармақ.
Жетісуда электр желілерін жаңартуға 1,6 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Облыс аумағында барлығы 13,7 мың км электр желілері және 2,6 мың бірлік қосалқы станция бар. «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде 2023-2029 жылдар аралығында «ТАТЭК» акционерлік қоғамы 7 жыл ішінде желілер мен жабдықтардың 12%-ын жаңғырту жоспарлануда. Ағымдағы жылда жоба аясында 80,4 км электр беру желілері мен 4 бірлік қосалқы станцияларын жаңғыртпақ.
Өңірде жаңартылатын энергия көздерінің 3 жобасы жүзеге асуда.
2024 жылдың жарты жылдығы бойынша электр энергиясын тұтыну 1110,4 млн. квт сағатты құрды. Бүгінгі таңда облыста белгіленген қуаты 210,5 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 15 нысаны жұмыс істейді. 2024 жылы белгіленген қуаттылығы 42,1 МВт, құны 17,4 млрд.теңге болатын жаңартылатын энергия көздерінің 3 жобасын аяқтау жоспарлануда. Атап айтсақ, Ескелді ауданында қуаттылығы — 29 МВт, 1 СЭС, Сарқан ауданында қуаттылығы — 13,1 МВт. 2 СЭС салынбақ. Сондай-ақ, 2029 жылға дейін Сауд Арабиясының инвесторларымен белгіленген қуаттылығы 1 ГВт, құны 906,3 млрд.теңге болатын «Алакөл ауданы Жоңғар қақпасы ауданында жел электр станциясын салу» жоспарлануда.
Жетісу облысында жылумен жабдықтаудың 4 жобасы іске асуда
Облыс жұртшылығын жылумен жабдықтау жүйесінде Текелі қаласының жылу электр орталығы мен 23 қазандық жұмыс жасайды. Олардың 7-уі газбен, 14-і – көмірмен, 3-уі сұйық отынмен жылытады. Жылу желілерінің ұзындығы 390 км құрайды. Биылғы жылы Үшарал қаласында қуаты 30 Гкал/сағ жаңа қазандық, Үштөбеде газбен жылынатын блокты-модульді қазандық қолданысқа берілмек. Облыс орталығында «Талдықорғанжылусервис» коммуналдық қызметінің күшімен Төлебаев, Алдабергенов көшелерінен Жансүгіров көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 1,1 км жылу желілері және бюджет есебінен Дарабоз ана, Абай, Қабанбай батыр, Балпық би көшелерінің 1,8 км жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде қаланың орталық бөлігі және Қаратал шағын ауданы нысандары қуаттылығы 42,5 Гкал/сағ болатын №2 орталық қазандыққа қайта қосылмақ. Сондай-ақ, Текелі қаласының «Алатау» шағын ауданында 7,7 км жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

30 населенных пунктов области Жетісу подключат к природному газу до конца года
В регионе на сегодняшний день газифицировано 33 населенных пункта. Уровень газификации составляет 46%. До конца 2024 года к газу подключат еще 30 населенных пунктов. На сегодняшний день разработана проектно-сметная документация на строительство магистрального газопровода «Талдыкорган-Ушарал» стоимостью 131 млрд. тенге. В рамках проекта предусмотрена установка 6 автономных газораспределительных станций протяженностью 302 км. Всего планируется построить 433 км газораспределительных сетей. В результате к газу подключат 66 населенных пунктов с населением 124 тыс. человек. До конца года будет полностью газифицировано 192 населенных пункта области.
В 20 населенных пунктах области улучшится качество питьевой воды.
В 2023 году в области Жетісу реализовано 25 проектов по строительству и реконструкции сетей водоснабжения. Центральным водоснабжением обеспечены жители двух сел. В 9 населенных пунктах реконструировано 112 км сетей водоснабжения. В текущем году запущено 22 проекта, в результате которого еще 2 села области будут обеспечены центральной питьевой водой.
1,6 млрд.тенге инвестиции привлечено на реконструкцию электрических сетей в области Жетісу
Всего на территории области имеется 13,7 тыс. км распределительных электрических сетей и 2,6 тыс. единиц подстанций. В рамках программы «Тариф в обмен на инвестиции» акционерным обществом ТАТЭК за 7 лет в период с 2023-2029 годы планируется модернизация 12% сетей и оборудования. В текущем году планируется модернизация 80,4 км линии электропередач и 4 единиц подстанций.
В регионе реализуются 3 проекта по возобновляемым источникам энергии.
За первое полугодие текущего года потребление электроэнергии составило 1110,4 кВт/час. В области на сегодняшний день функционируют 15 объектов возобновляемых источников энергии мощностью 210,5 МВт. В 2024 году планируется завершение 3 проектов возобновляемых источников энергии с установленной мощностью 42,1 МВт, стоимостью 17,4 млрд. тенге. Так, в Ескельдинском районе планируется построить 1 ГЭС мощностью 29 МВт, в Сарканском районе 2 ГЭС мощностью 13,1 МВт. Также, инвесторами из Саудовской Аравии планируется запуск проекта «Строительство ветреной электростанции в районе Джунгарских ворот Алакольского района» с установленной мощностью 1 ГВт, стоимостью 906,3 млрд. тенге.
В области Жетісу реализуется 4 проекта по теплоснабжению
Основными источниками тепла в системе централизованного теплоснабжения области являются ТЭЦ города Текели и 23 котельные. 7 из них отапливаются газом, 14 твердым и 3 жидким топливом. Общая протяженность тепловых сетей составляет 390 км. В этом году планируется введение в эксплуатацию новой котельни мощностью 30 Гкал/ч в городе Ушарал, а также блочно-модульной котельни на газе в городе Уштобе. В областном центре силами коммунальной службы «Талдыкоргантеплосервис» ведется реконструкция тепловых сетей общей протяженностью 1,1 км на улицах Толебаева, Алдабергенова до улицы Жансугурова, а также 1,8 км тепловых сетей на улицах Дарабоз ана, Абая, Кабанбай батыра, Балпык би. В результате проведенных работ жители центральной части города и микрорайона Каратал будут подключены к центральной котельной №2 мощностью 42,5 Гкал/ч. Также ведутся работы по реконструкции 7,7 км тепловых сетей в микрорайоне «Алатау» города Текели.

Мәліметпен бөлісу: