Жетісуда туризм түрлерін дамытуға мүмкіндік мол

Жетісу жерінің табиғи-климаттық жағдайының қолайлы болуының арқасында өңірде туризмнің барлық түрлерін дамытуға мүмкіндік мол. Бұл өз кезегінде туристік бәсекелестікте облысқа ерекшелік береді.

Бүгінде өңірде туризмді дамыту мықтап қолға алынып отыр. Мәселен, жол құрылысы мен инженерлік инфрақұрылым жүргізу жұмыстарына биылдың өзіне мемлекеттік бюджеттен 10 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлінген. Биыл Алакөл көлінің жағалауында сумен жабдықтау, кәріз жүйелері салынды. Сондай ақ, «Талдықорған-Үшарал», «Үшарал-Ақши-Достық» автомобиль жолдары төселді. Үшарал қаласы әуежайының ұшып-қону жолағы қайта жаңғыртудан өтті.

Бұл атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың бір бөлігі ғана. Айта кетерлігі, бүгінде өңірде 349 туристік нысан қызмет көрсетіп жатыр.

Мәліметпен бөлісу: