
Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты елде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтар мен кәсіпкерлерге рақымшылық жасалуда.
2026 жылғы 2 шілдеден бастап күшіне енген Заң аясында жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, нотариустар мен заң консультанттары салық және кеден саласындағы төленбеген әкімшілік айыппұлдардан босатылады. Егер айыппұл ішінара төленген болса, рақымшылық тек оның қалған бөлігіне жүреді. Жеңілдік 2027 жылғы 2 қаңтарға дейін (6 ай) созылады.
Алайда бұл шара сот шешімімен кесілген жазаларға, заңда көрсетілген арнайы баптарға және айыппұлды өз еркімен төлеп қойғандарға қолданылмайды.
Бүгінгі таңда Жетісу облысында жалпы сомасы 3 051 840 теңгеге жететін 49 салық төлеушіге рақымшылық жасалды:
- 26 жеке тұлға – 1 868 080 теңге;
- 23 жеке кәсіпкер – 1 183 760 теңге.
h
