Жетісу облысында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «АЭС — біздің болашағымыз» тақырыбында«дөңгелек үстел» өтті.

2024 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 15:00-де Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығының конференц-залында «АЭС — біздің болашағымыз» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Жетісу облысының үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғамдық штаб мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын түсіндіру және жобаның экологиялық әсері мен ел болашағына ықпалын талқылау.

Талқылау барысында республикалық халықтық штаб мүшесі, облыстық маслихат депутаты, «Жетісулық желтоқсаншылар» қоғамдық қорының жетекшісі Е.Жүнісхан АЭС салудың қажеттілігін нақты дәлелдермен жан-жақты түсіндірді. «Қазіргі уақытта елімізде су, көмір, газ тапшылығы сезіліп отыр. Халық саны көбейген сайын сұраныс арта береді. Қуат тапшылығы – жаһандық сипаттағы өзекті мәселе. Ал, АЭС құрылысы аталған мәселенің ең басты шешімі. Елімізді жаңғыртуға кірістік, Заман қаншалықты күрделі болса да, біз бағытымыздан айнымауымыз керек. Болашаққа үлкен сеніммен қадам басып, батыл шешімдер қабылдайтын уақыт келді. Түпкілікті шешім демократияның құралы – референдум арқылы қабылданады. Яғни, соңғы шешімді халық қабылдайды»,-деді.

«Жетісу облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Д.Қыдырбаева АЭС салу арқылы ел экономикасын көтеруге болатындығына назар аударып,  6-шы қазан күні өтетін референдумның өткізілу тәртібін түсіндірді: «Дауыс беру қағазында бір ғана сауал болады. Сіз атом электр станциясын салуға келісесіз бе?  Иә немесе жоқ деп белгілейсіз», — деді. 

«Тамшыбұлақ» ҚБ жетекшісі Ж.Тулемисова 5 жылда жасалған ауқымды реформаларды, еліміздің саяси жүйесінің түбегейлі өзгергендігін әңгімеледі. «Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Шын мәнінде, бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз өзіміздің азаматтық белсенділігімізді танытып, 6 қазан күні өтетін референдумда дауыс беруіміз қажет», — деді Ж.Тулемисова.

Шараға жиналғандар бұл еліміз үшін маңызды қадам екенін атап өтіп,  өзгелерді де референдумға қатысуға шақырды.

В области Жетісу состоялся «круглый стол» с участием неправительственных организаций на тему «АЭС — наше будущее».

30 сентября 2024 года в 15:00 часов в конференц-зале Центра обслуживания молодежи г. Талдыкорган состоялся круглый стол «АЭС-наше будущее». В мероприятии приняли участие представители неправительственных организаций и члены Общественного штаба области Жетісу.

Цель круглого стола-разъяснение строительства атомной электростанции в Казахстане и обсуждение экологического воздействия проекта и его влияния на будущее страны.

В ходе обсуждения член республиканского народного штаба, депутат областного маслихата, руководитель общественного фонда «Жетісулық желтоқсаншылар» Е.Жүнісхан подробно разъяснил необходимость строительства АЭС. «В настоящее время в стране ощущается нехватка воды, угля, газа. По мере роста населения спрос будет продолжать расти. Дефицит мощности-актуальная проблема глобального характера. Строительство АЭС-главное решение данного вопроса. Мы приступили к модернизации нашей страны, и, какими бы сложными ни были времена, мы не должны идти в ногу со временем. Пришло время шагнуть в будущее с большой уверенностью и принять смелые решения. Окончательное решение принимается через инструмент демократии – референдум. То есть окончательное решение принимает народ».

Президент ОЮЛ «Гражданский Альянс области Жетісу» Д.Кыдырбаева обратила внимание на то, что можно поднять экономику страны путем строительства АЭС, разъяснила порядок проведения референдума, который состоится 6 октября: «на бумаге для голосования будет только один запрос. Вы согласны построить атомную электростанцию?  Вы отмечаете да или нет».

Руководитель ОО «Тамшыбулак» Ж. Тулемисова рассказала о масштабных реформах, проведенных за 5 лет, о кардинальном изменении политической системы страны. «Каждый важный шаг в жизни страны должен быть сделан совместно с общественностью. По сути, это характерная черта «слышащего государства». Мы должны проявить свою гражданскую активность и проголосовать на референдуме, который состоится 6 октября», — сказала Ж.Тулемисова.

Собравшиеся на мероприятии отметили, что это важный шаг для нашей страны и призвали других принять участие в референдуме.

Мәліметпен бөлісу: