Жетісу облысында «Борышкер айлығы» жүріп жатыр

Жетісу облысында 4 айдың қорытындысы бойынша сот орындаушыларына 459 мың теңгеден астам қаражатқа 40 000 мыңға жуық айыппұл және салық өндірілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ерлан Ахметбек пен аймақтық жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Даулет Ахбанбетов БАҚ өкілдеріне баяндады.
«Борышкер айлығы» 15 мамырдан 15 маусым аралығында облыс аумағында жүргізілуде. Аталған іс-шараға өңірдің барлық жеке сот орындаушылары және полиция қызметкерлері қатыстырылды. Әкімшілік айыппұлдар мен салық қарыздарын уақытылы төлемеген азаматтарға банктік есеп шоттарға, жылжымайтын мүліктерге, автокөліктерге және шет елге шығуға уақытша тыйым салу туралы мәжбүрлеп орындау шаралары қабылданады», –деді Ерлан Еркебұланұлы.
Атқарушылық іс жүргізу органдарының мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері Жетісу облысының сот орындаушыларымен 1 846 тұлғаға қатысты шет елге шығуға уақытша тыйым салу туралы шаралары қабылданған. Сондықтан артық шығын шықпас үшін мамандар көлік иелері мен берешегі бар азаматтарға төлемді уақытылы жасау керектігін ескертеді.
«Өзіңізді «Бірыңғай борышкерлер тізімінен» тексеру үшін https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors сілтемесі арқылы тиісті желіге өтіп ЖСН немесе тегі атын толығымен көрсету қажет. Сонымен қатар, берешекті және сот орындаушысының үстем ақысын келесідей: Post.kz немесе Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы жабуға болады. Төлем жүргізілгеннен кейін біріңғай борышкерлер тізімінен 30 минут ішінде алынып тасталады. Сондай-ақ атқару өндірісі, толығымен тоқтатылады», – деді Даулет Дарқанұлы.

Мәліметпен бөлісу: