Былтырғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылық 24% жоғарылаған. 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 60% құрайды. Осындай ақпаратпен өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев бөлісті.
«Зертханалық расталған тұмау жұқпасының 331 жағдайы тіркелді. Былтырғы эпидемиологиялық кезеңде тұмаудың 20 жағдайы тіркелген болатын», — дейді спикер.
Айта кетейік, облыста тұрғындарды тұмауға қарсы вакцинамен иммундау жұмыстары өз мәресіне жетті. Жергілікті бюджет есебінен 92 913 адам жоспарланып, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 24,8%-ы, ересектердің 75,1%-ы қамтылды, жалпы облыс халқының 13,7% иммундаудан өтті.
«Тұмауға қарсы ақысыз иммундаумен ұйымдасқан жабық мекемелердің контингенті жиі ауыратын иммунитеті төмен балалар мен созылмалы аурулары бар ересек адамдар медициналық қызметкерлер мен 2-ші, 3-ші триместрдегі жүкті әйелдер қамтылды», — дейді Асхат Сәкенұлы.
Мамандардың айтуынша, тұмауға қарсы арнайы иммундаудан басқа тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпаның жоғарылау кезеңінде жұқпаның арнайы емес алдын алу шараларын да естен шығармаған абзал. Қазіргі уақытта тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпаның жедел және жоспарлы түрде алдын алу үшін дәрілік заттардың түрлері кеңінен таралған.
Жұқпаның жоғарылау кезеңінде тұмаудың алдын алуының ең қолайлы, кең таралған, қолжетімді түрі – тыныс алу жолдарын қорғау үшін қолданылатын бетперде. Осы кезеңде жіті респираторлық вирустық жұқпаның және тұмаудың алдын алу үшін мүмкіндігінше халық тығыз орналасқан және жаппай шаралар ұйымдастырған жерлерге баруды шектеу, әсіресе балалар үшін жұқпа көзі мүмкін болатын қарым-қатынасты шектеу қажет.
Жетісу облысындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық эпидемиологиялық ахуал тұрақты, 2022 жылдың 8 маусымнан бері 2731 жағдай тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында облыс жасыл аймақта.
«Тұмаудың алдын алуда жеке бас гигиенасын сақтаудың да пайдасы мол, қолды жиі сабынмен жуу қажет. Түшкірген және жөтелген кезде ауызды немесе мұрынды бет орамалмен жабу керек.
Барлық мүмкіндікті мүлт жібермей уақытында емханаға қаралып, жұқпалы аурулардың алдын алғаныңыз жөн. Сырқаттануды емдегеннен көрі алдын-алу анағұрлым жеңілірек екенін естен шығармаңыз!», — деп ескертті Асхат Чарапиев.