
Талдықорған қаласындағы №431 және №438 сайлау учаскелерінде дауыс беруге келген тұрғындарға арналған «Жетісу Бауырсақ & Apple-Fest» атты ерекше жәрмеңке ұйымдастырылды.
Шара барысында тұрғындарға Жетісудың жергілікті бақтарынан алынған жаңа алма шырыны мен ыстық бауырсақ ұсынылды.
Ұлттық дәм мен жергілікті өнімді насихаттаған жәрмеңке сайлау күнінің ерекше атмосферасын қалыптастырып, тұрғындарға жылы көңіл-күй сыйлады. Қонақтар Жетісудың табиғи өнімдерінен дәм татып, ұлттық тағамнан ауыз тиді.
«Жетісу Бауырсақ & Apple-Fest» жәрмеңкесі өңірдің ұлттық тағамдары мен жергілікті өнімдерін дәріптеп, сайлау күнін ерекше форматпен толықтырды.
h
