Жеті түрлі гүл ашатын үнді ағашы

Жуырда Жансүгіров ауылының шығыс жақ кіре берісіндегі айналма жолға қойылғалы жатқан Бөрібай батыр ескерткішінің алаңына аудан әкімі Есім Сейілханұлының ұйымдастыруымен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Үнді елінен әкелінген ағаштың көшетін Тәшкент қаласынан Түркістан облысы, Сауран ауылының тұрғыны Мұқан Ашенов демеушілік етіп алдырып берсе, аудандық мәслихат депутаты Ғабит Мұсабаланов көшет отырғызатын шұңқырларға төгілетін қара топыраққа өз көмегін көрсетті. Аудандық мешіттің Бас имамы Анар­бай Тасболатұлының аруақтарға бағыштаған құранымен басталған абат­тандыру жұмысына Ақсу политехникалық колледжі студенттері және аудандық жастар орталығының қызметкерлері, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мамандары, Есеболатов ауылының еріктілері және ақылы қоғамдық жұмыстағы жұмысшылармен қатар Ақсу тұрғын үй ЖШС-ның арнайы техникалары қатысты. «Өлі разы болмай, тірі байымайды»,- деген аталы сөзді бойларына тоғытқан ел ағаларымен қатар жастары­мыз осындай атқарылған шаруалар­дан күш — қуат алары айдан анық. Естеріңізге сала кетер болсақ, өткен күз айында 70 түп шырша отырғызылған бола­тын.

Алдағы уақытта Нұрлан Рахмановтың демеушілігімен 30 түп «Тұя» ағашын отырғызу жоспарлануда.

Кенжебек ӘКІМБЕК.

Мәліметпен бөлісу: