Биыл 19 наурызда өткен Қазақс- тан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында халықтың қолдауын тауып, ең жас Парламент Мәжілісінің депутаты болған өзіміздің ауданның тумасы, қазіргі Көкжайдақ (Қосағаш) ауылында өсіп, білім алып, ауылдың топырағына аунап, суын ішіп өскен кешегі ұл, бүгінде елдің сөзін сөйлейтін азамат болғаны барлығымызды қуантқан.
Ол Сайлаубай Наурыз Саятұлы.
Енді Наурыз Саятұлы өзінің өскен ауданының жағдайын біліп, халықпен кездесу үшін арнайы туған өлкесіне атбасын бұрған болатын.
Кездесу таулы аймақта өтті. Алдымен Қапал ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылдағы мәселелерге құлақ түрді. Бұл жерде көтерілген мәселелердің ең үлкені шығыс жақтағы қайтадан ашылып жатқан аудандар сияқты Қапал ауданын бұрынғыдай жеке аудан жасау болды.
Екінші Арасан ауылындағы кездесуде көтерілген ең күрделі мәселе жайылым, шабындық, егіс алқабына су жетпейтіндігі. Оны шешудің жолы Бүйен өзенінің басына тоспа жасау болды.
Көтерілген басқа ұсақ мәселелерге «қанағаттанарлық» жауаптар беріп, күрделі мәселелерді жоғарыға жеткізетіндігін айтты.
Ербол СЫМХАНОВ.