Жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауы заң мен тәртіпке негізделген.  Бұл дегеніміз – Әділетті Қазақстанды құрудың негізгі жолы болатыны сөзсіз. Мемлекет басшысы Парламенттің екінші сессиясында қабылданған барлық заң жобасын халыққа қарапайым тілде жеткізіп берді. Оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар, сондай-ақ ғылым және технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енгенін ашып айтты.

Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінетіні осы заңда нақты көрсетілген.   

Біздің ауданымыз ауылшаруашылық саласына басым, жер ұйығы Жетісудың дәл ортасында орналасқандықтан осы бағытта айтылған тәртіп туралы айтып өтейін.

Президент: «Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет», – деп, оның себептеріне де тоқталды.

Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс – екенін айтып, яғни, шындыққа жанаспайтын ақпарат беру, басқаша айтқанда, мәліметтерді бұрмалау ауыл шаруашылығындағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отырғанын нақты дәлелдермен ашып айтты.

Шын мәнінде, мұның бәрі – мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық. Ондай қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою қажет. Ал, мұндай іспен айналысқан адамдарды жауапкершілікке тарту керек – деп қатаң тапсырма берді.

«Жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепілі.

Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша  мемлекетке қайтарылуға тиіс. Ал, жерді пайдаланушы оған инвестиция салып, адал еңбек етіп жатса, жұмысқа бөгет жасамау керек. Сондай-ақ оның ауылды көркейтіп, тұрғындарға тұрақты жұмыс беріп отырғанын да ескерген жөн», – деген Жолдауда.

 Бүгін аудан әкімінің аппарат жиынында да осы мәселе көтерілді. Аталмыш мәселе бойынша сөз алған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы ӘбілхамитЕрлан Саматұлы тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істейміз, ауданға инвистиция әкелеміз деген жаңа жер қойнауын пайдаланушылар, яғни алтын, гранит өндірушілермен жұмыс жүріп жатқанын айтып, ал,  көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті шырындарынан жасайтын табиғи каучук, яғни, резинка дайындайтын өсімдіктер егеміз, мал өсіреміз деген т.б. бірнеше инвесторлармен келісім шарт бұзылып, көбісі өз еріктерімен жерді қайтарғандарын айтты. Ал жұмыс жасап жатқан өнеркәсіптерге аудан бойынша көмектер көрсетілетіні туралы та тоқталды.

Себебі, азаматтар, әсіресе, ауыл тұрғындары заңды түрде табысты жұмыс істеп, болашағының қамын өзі ойлауы  керек. Оларды осыған ынталандыру – мемлекеттің басты міндетінің бірі – деп мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев айтқандай, ауданға инвеститция тартып, көркейтуге, жер үсті, жер асты байлықтарын тиімді пайдалануға септігін тигізетін азаматтарды ынталандыру, қолдау көрсету басты міндет. Сондай – ақ ағып жатқан жеті судың бір – бір салалары болған Ақсу, Бүйен өзендерінің бойына болашақта салынатын су электр стансаларын салушылармен қоғамдық келісім өткізіп, құжаттарын тездетіп әзірлеуді тапсырды.

Бұл жұмыстардың өзі заң мен тәртіптің орындалып, Президент Жолдауын қолдаудың нақты көріністері.

Ербол СЫМХАНОВ.

Мәліметпен бөлісу: