ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҒЫМЫЗ ЖАРҚЫН

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүруін жалғастыруда, тек ауқымында ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мақсатында университетте тұрақты негізде «таза сессия» штабы жұмыс істейді. Штаб қызметінің басты идеясы жастармен кездесулер өткізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы іс-қимыл рухында тәрбиелеу болып табылады.

Жастардың алған білімдері оларға өмірде сыбайлас жемқорлықтың кез — келген көріністерімен жанаспауға көмектеседі деп сенгім келеді.

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Болашақ жас ұрпақтың қолында!

Д.НҰРТӨЛУҰЛЫ,

Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы

Мәліметпен бөлісу: