Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демпартиясының республикалық штабы 60-тан астам көлік компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Демпартия лидері партияның саяси бағдарламасын таныстырып, бағдарламаның толық мәтінімен плакаттардағы QR кодты сканерлеу арқылы танысуға болатынын айтты. Жемқорлыққа қарсы күрес пен әлеуметтік әділеттілікке қатысты тармақтарға кәсіпкерлер үлкен қызығушылық танытты.
«Ақ жол» партиясы кәсіпкерлер партиясы ретінде ұзақ жылдар бойы жеке кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізіп келеді. Бұл дегеніміз мемлекеттен ештеңе сұрамай, жұмыс орындарын ашып, салық төлеп отырған адамдарды қолдау. Бұл біз үшін ең маңызды мәселе. Себебі, ешкімге қарызы жоқ, өзін-өзі қалыптастырған адамдар ғана шенеуніктерге бас имей, еркіндікті талап ете алады. Адал бәсекелестік үшін күреседі. Олар демократияның, нарықтық экономиканың кепілі. Қазақстанның болашағы дәл осы әлеуметтік топқа байланысты деп есептейміз. Еркін демократиялық мемлекет құрғымыз келсе, еркін, табысты адамдарды қолдауымыз керек. Ал, бұлар өзін-өзі жасаған адамдар», – деп бастады сөзін Азат Перуашев.
Кәсіпорын басшыларының арасында «Ақ жол» демпартиясының мүшелері бар болып шықты, олар өз партиясына қолдау білдіріп, Азат Перуашевқа Индустрия министрлігі мен құқық қорғау органдарының басшылығымен ағымдағы жағдайды талқылауды үшін тікелей кездесу ұйымдастыруды сұрады. Олардың кейбіреулері осы сайлауға үміткер ретінде қатысуда, мысалы, Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына ұсынылған Оксана Сорокина.
Сондай-ақ, залда көлік тасымалдаушыларының құқықтарын қорғайтын адвокаттар тобы отырды. Олар кезекті реттеуде және жалпы салада жемқорлықтың бар екенін жеткізді.
А.Перуашев парламентте «Ақ жол» фракциясы құрылғаннан кейін халықаралық көлік тасымалы мәселесі үкімет және аталған министрлікпен талқыланатын алғашқы тақырып болатынына уәде берді. Шағын және орта көлік компанияларының үлкен тобы «Ақ жол» партиясына кіретіндіктерін