
Қазіргі заманда жер жүзінде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.Осы келеңсіз құбылыстың елімізде үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баяндамасындағы мәліметтерге сүйенсек, сыбайлас жемқорлыққа байланысты Қазақстан экономикасындағы жыл сайынғы әлеуетті шығындар 3,8 млрд долларға бағаланады, бұл ЖІӨ-нің 2% – на тең. Соңғы екі жылда агенттік 4 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеген, оның 3 мыңнан астамы сотқа жіберілді. Олардың жартысына жуығы парақорлық фактілеріне, төрттен бірі — лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану болса, ұрлау және қызметтік жалғандық фактілері 12% – ды құраған екен. Қазір біз баршамыз ойланумыз керек. Бұл айтылған мәліметтер мен сандар еліміздің экономикасына соққы беріп, оылайша халықтың жағдайының төмендеуіне де алып келеді.
Біз қазір қандай әлем, қандай қоғам құрамыз, сол әлемде және сол қоғамда біз және біздің балаларымыз өмір сүретінін түсуініміз керек. Баршамыз бұл туралы ойланып,болашаққа жарқын өмір сыйлау үшін де, осы зұлымдыққа қарсы бірігейік.
Ж.ЗАРЫҚПАЕВА,
аудандық сотының судьясы.