Өткенімізге үңіліп, бүгінімізге жүгініп, ертеңімізге жүгіріп күн кешкен барша отандас қазақ елі, жаңа Қазақстан, жаңа қоғам, көңіл қуантарлықтай жетістіктер нәтижесі қаншама еңбек ізденістер жемісі десек қателеспейміз. Дейтұрғанмен бұдан да шынайы тіпті де гүлденген қоғам қалыптастыруға кейбір келеңсіздіктер кері әсер еткені анық. Оның бірі де бірегейі – жемқорлық. Олай айтуымыздың басты себебі – әр сала білімді, білікті мамандары мен жетістікке жетері анық. Өкінішке орай, кей сәттерде таныс – тамыр арқылы жұмысқа орналасатындар шынайы мамандардың жолын кеседі. Өзінде шынайы білім, қабілет болмағандықтан жұмысты ақсатады. Әр жекелеген жұмыстың кері кетуі қоғамды дамудан тежейді. Бабаларымыз тауып айтқан «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»,-деп олар әділдік
пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би қатарлы би – шешендердің өмірі дәлел.
Кез – келген өркениетті қоғам үшін, сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзектңі мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемелекетті ішінен жойудың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын ұлтттық қауіпсіздікке қауіп – қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу қолға алынған болатын.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтаудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Ол үшін әр адам адалдық пен тазалықты өзінен және жақындарынан бастағаны абзал «өзіңе не тілесең, өзгеге де соны тіле»,-деген ұстаным арқылы ұрпақты әділдікке, отансүйгіштікке, қайырымдылыққа және шынайылыққа бағыттап, болашағы жарқын, бай – қуатты, сенімді ел қалыптастыруға атсалысайық.
Ел гүлденіп оңалған,
Болашаққа жол алған
Жемқорлық деген – ең қорлық,
Аластайық қоғамнан.
Қайдар ЖАҒЫПАР,
Қызылағаш ауылдық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі.