ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бет­пе — бет келеді. Сондықтан кез — келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесу­де қоғам болып белсенділік та­нытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп,беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура­лы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

Мемлекеттік органдардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшы­лары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалу­ын қамтамасыз етуге міндетті.Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлық дендеуіне септігін тигізуде.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі — ол азаматтардың арыз-шағымы.Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір — қасиетін құрметтеуге міндетті.

Нұрдәулет ЖАҚСЫБАЕВ,

аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау

подполковнигі.

Мәліметпен бөлісу: