ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС — БАСТЫ МІНДЕТ

Адамзатқа ертеден таныс сы­байлас жемқорлық заман мен бірге өсіп — өркендеген, небір тегеруінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайдан мол қаражат пайда болса, сол жер­ге тамыр жайып, бүгінге дейін жой­ылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтары болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы. Ол жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке, қауіп — қатер әкелетін індет. Сондықтан да Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу болып отыр. Кез келген азамат төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қарсы Ақсу ау­даны Төтенше жағдайлар бөлімінің 8 (72832) 2-13-86 сенім телефонына хабарласа алатынын ескертеміз.

Елбасымыз атап айтқандай, «Сыбайлас жемқорлықпен қүрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес, бұл мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені». Сол себепті, әрбір Қазақстан Республикасының азаматты сы­байлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.

Нұрдәулет ЖАҚСЫБАЕВ,

аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы,

азаматтық қорғау майоры.

Мәліметпен бөлісу: