ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС — БАСТЫ МІНДЕТ

Адамзатқа ертеден таныс сы­байлас жемқорлық заман мен бірге өсіп — өркендеген, небір тегеруінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайдан мол қаражат пай­да болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтары болып табылады. Сыбай­лас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы. Ол жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке, қауіп-қатер әкелетін індет. Сондықтан да Қазақстан Республика­сы мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу болып отыр. Кез — келген аза­мат төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қарсы Ақсу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 8 (72832) 2-13-86 сенім теле­фонына хабарласа алатынын ескертеміз.

Елбасымыз атап айтқандай, «Сыбайлас жемқорлықпен қүрес қылмыскерлерді жаза­лау жөніндегі табанды шаралар ғана емес, бұл мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені». Сол себепті әрбір Қазақстан Республикасының аза­маты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.

Мади БАЗАРБАЕВ,

Ақсу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны.

Мәліметпен бөлісу: