Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық заман мен бірге өсіп-өркендеген, небір тегеруінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайдан мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтары болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы. Ол жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке, қауіп-қатер әкелетін індет. Сондықтан да Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу болып отыр. Кез — келген азамат төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қарсы Ақсу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 8 (72832) 2-13-86 сенім телефонына хабарласа алатынын ескертеміз.
Елбасымыз атап айтқандай, «Сыбайлас жемқорлықпен қүрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес, бұл мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені». Сол себепті әрбір Қазақстан Республикасының азаматты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.
Мәди БАЗАРБАЕВ,
Ақсу ауданының ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау капитаны.