Желтоқсан айында қазақстандықтар 13 күн бойы жұмыс істемейді.

Биыл 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні сенбіге келіп тұрғандықтан, демалыс бір күнге ұзартылады. Сол себепті қазақстандықтар 1-і мен 3-і аралығында үш күн қатарынан демалады.

Ал 16-17 желтоқсан күндері Қазақстанда Тәуелсіздік күні тойланады. Биыл 16 желтоқсан жексенбіге түскендіктен, демалыс күні 18 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша, Қазақстан тұрғындары 15,16,17 және 18 желтоқсанда төрт күн жұмысқа шықпайды. ҚР Еңбек кодексінің 85-бабы, 3-тармағына сәйкес, Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Сондықтан, дүйсенбі — 31 желтоқсандағы жұмыс күні сенбі — 29 желтоқсанға ауыстырылады және қазақстандықтар 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін тағы төрт күн демалатын болады.

Мәліметпен бөлісу: