ҚАПАЛ ауылдық округінде 2014 жылы «Тамшыбұлақ» демалыс лагері 55 орынға арналып ашылған болатын. Биылғы жылыда өз жұмысын қайта бастаған лагерьдың салтанатты ашылуы болып өтті. Ашылуға аудан әкімі Есім Сейілханұлы арнайы қатысып балалардың жазғы демалысын салтанатты түрде ашып берді.

Жазғы лагерлер –тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы. Сендер лагерлерде жай демалып қана қоймай, әрі денсаулықтарыңды түзеп, қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бейімделесіңдер. Туған жерлеріңнің орман –тауын, өзен-көлін, даласын көріп-біліп және оның күллі сұлулығын сезініп, жаңа ортада жаңа достар табасыңдар. Бүгінгі жазғы лагерьдың ашылуымен баршаңызды құттықтаймын , — деді Е.Базарханов

Жыл сайын осы лагерде 300 –ден аса балалар демалады. Биылғы жылы да 311 балаға жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан қаржы бөлініп, 6 кезең бойынша балаларды қабылдауды бастады. Сонымен қатар қазіргі уақытта 34 мектептің жанынан жазғы алаңдар ашылып, онда 3222 бала демалуда.
