Жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс!

Бүгін 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күн – жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Бұл – ұрпақты татулық пен бауырмалдыққа тәрбиелеу, ізеттілік пен мейірімге баулу үрдісі.
«Ақсу өңірі» ЖШС аудандық газетінің ұжымы газетіміздің тұрақты оқырманы, газетіміздің демеушісі Абсематов Арғын ағамыздың шаңырағына арнайы барып, Ұлыстың ұлы күнінің алдында тойланатын қонақжай қазақ халқына ортақ ежелден келе жатқан көктем мерекесі «Көрісу күнімен» құттықтап, жеміс толған себетпен мерекелік көңіл күй сыйлады. Жаңа жасыңыз, дана жасыңыз құтты болсын!, Жасыңызға жас қосылып, ғұмырыңыз ұзақ болсын деген тілегін жеткізді.

Мәліметпен бөлісу: