Мемлекет басшысы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Болашақ — біздікі, ұлттың ертеңі — біз. Сондықтан, Елбасының сөзімен айтсақ, біз Отанымызда жүзеге асырылып жатқан барлық үдерістерге атсалысуымыз қажет! Президентіміздің жастарға артқан сенім мен жауапкершілік шеңберінде мемлекетімізді дамытуға міндеттелген тапсырмаларды тиянақты орындауға және бағындырар белестер аясында талмай еңбек етуге жұмыламыз!
Жастар – қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жастар мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, «Мәңгілік ел» болуына нық қадам бастайды.
«Жастар дамушы елдің болашағы» демекші Елбасының жастарға артып отырған сенімін одан әрі жандандыра түсуге қауқарымыз жеткілікті, бұл орайда тәжірибемізде аз емес. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара жұмыла көтерер жүгіміз баршамызға ортақ іс. Мемлекет басшысының қолдауымен бастау алған «Жасыл ел» бағдарламасы жылы өте қарқыны күшейе түсуде. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы жайлы бүгінгі жастар жылының салтанатты ашылуы рәсімі кезінде де Елбасымыз атап өтті. Аталмыш бағдарлама шеңберінде Республика бойынша әрбір облыс өз жұмыстарын тыңғылықты атқарып келеді. Алматы облысы бойынша тұрақты жүзеге асырылып келе жатқан бұл бағдарлама, жастар жылына орай жаңа серпінге ие болғандай жаңа маусымдық жұмысқа тың әзір. Сонымен қатар облысымызда студенттік жастар құрылыс отрядтарын жандандыруға ерекше мән беріліп отыр. Осы орайда бір қатар жұмыстар жандандырылып, жастарға артып отырған сенімді ақтау аясында бір қатар өзекті жұмыстар жүргізілуде.
Алдағы уақытта Жастар жылындағы өзекті мәселелер бойынша жастармен бірқатар кездесулер өткізіп, жастарға табысқа жетудің жолын ашу және мемлекетіміздің өткенін бағалайтын, бүгінгі күні батыл қимылдап, келешекке сеніммен қарайтын табыс-ты азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргіземіз.
Әрине, Елбасымыз жастары-мыздың еңселі болашағына нық бағыт беруде. Сондықтан да, «Үдере көшкен уығын сындырады, жұмыла жұмыс істеген – жұмысын тындырады» демекші, Елбасының ұтымды идеялары аясына бірігіп, алдымызға қойған тарихи міндеттерді жұмыла жүзеге асыруға баршаңызды шақырамыз.
Еліміз – еңселі, аспанымыз – ашық, Тәуелсіздігіміз – тұғырлы болсын!
Мейіржан Молдағалиев,
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының
Республикалық штабы
Алматы облыстық
филиалының директоры.