ЖАСТАР ЕЛДІҢ-ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Н.Есеболатов ауылдық округінің жастар нұсқаушысы Шарипова Заринаның ұйымдастыруымен, ауылдық кітапханада “Жастар елдің-қозғаушы күші” деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Бүгінгі күні жастар үшін атқарылып жатқан игі істер мен мемлекеттің саясаттының негізгі мақсаты – болашақтың кемел болуы үшін жасалған дүниелер. Қазіргі таңда жастар игілігіне атқарылып жатқан істер аз емес. Десе де, бұл жастардың жеке бас қамдары үшін емес екені мәлім. Әрбір жас алып жатқан істің артында үлкен аманат бар. Себебі ел ертеңі жастар болғандықтан, олардың қазіргі хал-ахуалы, тәлім-тәрбиесі, алып жатқан білімі – бәрімізге маңызды болуы тиіс екені айтылды. Елдің айнасы – жастар. Егемендікті сақтайтын да – болашақ ұрпақ.

Мәліметпен бөлісу: