«Молықбай Байсақұлы» атындағы аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Ақсу аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясы өтті. Конференция жұмысына Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы» Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» туралы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Дәулетбекова баяндама жасады. Аудандағы «Отан» Республикалық саяси партиясының 1999-2001 жылдардағы алғашқы төрағасы, партия І-і съезінің делегаты, партия ардагері О.Исанова, 2008-2010 жылдары «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының Ақсу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Үсенов өз сөздерінде партияның 20 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы айтты. Елбасымыздың 2018 жылғы 05 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының орындалуы бойынша аудан әкімінің орынбасары А.Сабырбаев, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелері туралы Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров баяндады. Алматы облыстық мәслихат депутаты «Шоңай батыр» БПҰ төрағасы Р.Ибраймова партияның 2030 бағдарламасына өз ұсынысын білдірді.
Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс ХХV Конференциясына делегаттар сайланды.
Ләззат ҚАСЫМБЕКОВА.