Қадірлі партияластар!
Баршаңызды «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы мақсатты көздеген «Нұр Отан» партиясы халықтың сенімін ақтап, орнықты ілгерілеуімізді қамтамасыз ететін бірден — бір саяси күшке айналды.
«Біздің ұстанымымыз – татулық пен тыныштық, ұранымыз – береке мен бірлік. Тәуелсіз Қазақстанның арқа сүйейтін тірегі – баянды бейбітшілік пен келелі келісім! Бас партия болу дегеніміз – басқару емес, елге адал қызмет ету! Біз – халық бірлігінің партия-сымыз», — деп Елбасымыз атап өткендей «Нұр Отан» партиясы бағдары айқын, болашағы кемел партия.
«Нұр Отан» партиясы Ақсу аудандық филиалы да осы жиырма жылдың ішінде біраз белестерді бағындырды. Партияның бақылауымен ауданымызда қаншама құрылыс нысандары бой көтерді. Партиямыздың беделі биік, абыройы асқақтай берсін.
Е.С.Базарханов,
аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы.
Қадірлі ақсулықтар!
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейлі күні құтты болсын. «Нұр Отан» партиясы мен Мәслихат кіндіктері байланып туған егіз қозыдай. Екеуінің де илейтіні бір терінің пұшпағы. Яғни, халықтың болашағы, елдің әлеуметтік – экономикалық дамуы. Кешегі өткен съезде естігеніміздей «Мемлекет 2019 — 2021 жылдары негізгі әлеуметтік міндеттерді шешу үшін бюджеттен 2,3 триллион теңгеден астам қаржыны қосымша бөлетін болды. Қазіргі дүниедегі мемлекеттердің ішінде халқының санына қарай табысы аз азаматтарға осындай ауқымды әлеуметтік көмек көрсететін елдер аз».
Мемлекет басшысы өз сөзінде: – Біздің басты басымдығымыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстанды әлеуметтік бағыттағы мемлекет ретінде дамыту – деп нақытылап айтып өтті. «Халыққа көмек» жобасы осы жұмыстарды жандандыруға бағытталған.
Бұл бізге де бағытталған мәселе. Ендеше, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», — дегендей халықтың жүгін біріге көтерейік.
Б.Ж.Сүлейменов,
аудандық мәслихат хатшысы.
Құрметті нұротандықтар!
Мерекеміз құтты болсын.Партиямыздың 20 жылдығы қарсаңында Астанада Президенттің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының XVIII-ші съезі өтті. Съезге 2 мыңдай адам жиналды. Солардың ішінде біздің ауданнан делегат ретінде мен де қатысып, мол әсер алып қайттым. Жиында Елбасы бірқатар мәселелерге тоқталып, Үкіметке жаңа тапсырмалар жүктеді.
Азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейіне қол жеткізуді негізгі басымдық ретінде атады. Еліміздегі азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру үшін Ұлттық қордан қаражат бөлінетіндігі туралы айтты. Мемлекет басшысы әлеуметтік саясатты одан әрі жүзеге асырудың негізгі бағыттарына тоқталып, оны іске асыруға партияның белсенді атсалысуы қажет екенін атап өтті.
Ендеше, нұротандықтар біз біріксек алынбайтын қамал жоқ. Біз бәріміз біргеміз.
К.Т.Дәулетбекова,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары, Партияның XVIII – съезінің делегаты.