
Ақсу ауданында республикалық референдум аясында жас сайлаушылар да белсенділік танытуда.
№34 референдум учаскесінде 18 жасқа толған Сейітов Думан алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Жас азамат үшін бұл – ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатысқан алғашқы қадам болды.

Сонымен қатар, №12 референдум учаскесінде Айдынұлы Арнұр келіп, референдумда өз дауысын берді.
Жас сайлаушылардың белсенділігі олардың ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістерге бейжай қарамайтынын көрсетеді.
