ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҮШІН

Талдықорғанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Руслан Қожасбаевтың сайлауалды штабының ресми ашылуы өтті.

Онда алда келе жатқан саяси науқанның маңыздылығы сөз бо­лып, елдің экономикалық өрлеу мәселесі қозғалды. Жетісу облы­сынан бірмандатты сайлау округі бойынша өзін ұсынған Руслан Қожасбаев жиында сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

– Өздеріңіз білесіздер, биз­нес саласында жүргеніме біраз уақыт болды. Ауыл, аудандардағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсы білемін. Мені алаңдататыны – елдің несиеге батуы, олардың өмір сүру деңгейінің төмендігі және жастардың бұлыңғыр болашағы, – деген ол аталған ауқымды мәселелерді шешудің жолдарын ұсынды. Ол үшін ал­дымен халықтың қаржылық-заңнамалық сауаттылығын көтеріп, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеп, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы­на жағдай жасау, сұранысқа ие мамандықты игеру қажет. Сонымен қатар инвесторлар тартып, зауыт, фабрикалар ашу керек.

Облыстық штабта 27 адам жұмыс атқарса, облыс көлемінде 300-ден астам штаб мүшесі тіркелген. Ал 450-ден астам сенімді өкілі бар.

Мәулен ӘНЕРБАЙ.

Мәліметпен бөлісу: