Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуін қолдап «Біз біргеміз» акциясы ауданда жалғасуда. Осы қиыншылық кезде атымтай жомарт жандар ауылдастарына қаржылай және заттай қайырымдылық көмектер беруде. Осы жұмысқа «Қарашілік» ауыл округ әкімі, БПҰ-ның төрағасы Ы.Садуақасов, «Арасан» ауыл округ әкімі, БПҰ-ның төрайымы Р.Ғалымжанова, «Қарасу» ауыл округ әкімі, БПҰ-ның төрағасы Т.Арғынбаев, «Б.Сырттанов» ауыл округ әкімі, БПҰның төрағасы Б.Ермұханбетов, Қаракөз» ауыл округ әкімі, БПҰ-ның төрағасы Д.Көпелбаев ауыл тұрғындарымен шаралар ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ал, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаттары Б.Сүлейменов, С.Бармақов, «Қаракөз ауылынан «Жайлау»шаруа қожалығының төрағасы Н.Имансыдықов, Қарасу ауылына «Тезекбаев» шаруа қожалығының төрағасы Т.Досаев, партия мүшелері, ауыл тұрғындары Қ.Әбдірахманов, А.Арғынбаева, А.Тұрсынхан, С.Есенбаев, І.Рысбекова, Г.Болысбаева және көмекке аса мұқтаж қарияларға, ардагерлерге, көпбалалы аналарға, әл-ауқаты төмен, жұмысқа жарамсыз жандарға қаржылай, азық-түлік және бетперделер таратты. Ауыл тұрғындарының қайырымды жандарға алғысы шексіз. Бүгінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың мәлімдемесі бойынша көмекке аса мұқтаж 7 санат бойынша ауыл округтері бойынша тізім дайындалды. «Біз біргеміз» акциясы басталған уақыттан бері 128 отбасына көмек берілді. Біз біргеміз!
Ж.ЕРБОЛАТҚЫЗЫ, «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық филиалының эксперті