Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Жамбыл ауылының орталық көшесінде Ту тұғырының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айтгүл Медеуова, Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты және ауыл тұрғындары қатысты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада Жамбыл ауылындағы өнер мектебінің оқушылары патриоттық әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Qazaqstan30
Рәміздер Күніқұтты болсын