ЖАХАНДЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ АДАМЫ

Ұлы даланың елі сүйген Ұлы адамының саясаткерлік сырла­рына, қайраткерлік қасиеттеріне мыңның қолынан келе бермейтін құлашы жетіп уысына сия бермейтін күрмеуі қиын, күрделі мәселелерді адами, азаматтық, кісілік, бекзаттық болмысымен шешіп отыруын күллі әлем мой­ындап келеді емеспе.

Ұлы дала деп қаншалықты мақтанып марқайсақта сол Ұлы даланы соның ішінде тарихи сананы қалыптастырудың нақты бағыттарын сара­лап, халқымызды рухани жігерлендіріп, болашақ жолын айқындап «Өз тарихын білетін ел ешқашан жеңілмейді» дейтін қағиданы қалыптастырып, «Ұлы дала мәдениеті» денгейіне көтеріп отырған Елбасымыздың ерен енбегі. Ендеше, Ұлы дала десек – оны қалыптастырып отырған Ұлы адамының есімі ұлы даласыман, даналығымен егіз есім десек елі сүйген халқы қателеспейді. Дәл қазір ғаламдық тарихи – әлуметтік жағдайда отандық тарихтың маңызын ашты, оның орнын айғақтау жолында қыруар істер атқарылып жатса оны анықтайтын дүние – Ұлы дала ұғымы. Бұл дегеніміз кең ауқымды мәдени өріс. Кезінде бұл тақырыпты зерделеп, зерт­теп жүрген адамдар жоқтың қасы еді. Енді міне, Ұлы дала Тәуелсіздігін алып Елбасының арқасында көшпелі қоғамның тарихи маңызын ашып айтуға зор мүмкіндік туып отырғанының нақты куәсіміз. Өйткені, біз-қазіргі қазақ халқы-Ұлы даланың тұрғыны, оның тарихы- Ұлы даланың тарихы, дәл қазір біз Ұлы даланың кіндігінен орын алып отырмыз,-десек оның нақты мұрагеріміз деп нық айта аламыз. Яғни, біздің — ұлы халық – қазақтың ұлттық болмы­сы Ұлы даланың мәдени өрісі арқасында пайда болып отыр емес пе! Ендеше әрқашанда Ұлы даламен мақтанып, Ұлы даланы неге дәріптемеске? Байырғы бабаларымыз Ұлы даланың теңдессіз құндылықтарын бой­ларына сіңіріп өсіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруы заңды құбылыс екенін көріп келеміз де. Ал, ең үлкен құндылық Ұлы даладағы көшпелі қоғамның әр дәуірдегі әр саладағы табыста­ры дер едік. Ұлы дала өркениеті техналогиялық тұрғыдан кенде қалған емес.

Сонау ғұн-сақ-скиф дәуіріне тән өнер туындылары «Аң стилі» дейтін бейнелеу мәнерін теңдессіз тұрғыда өмірге әкелді. Бұл тұрғыда Ұлы дала тарихына қысқа ғана көз жүгіртсек атақты Атей Филипке былай деп айтып­­ты: «Сен адамдармен соғысуға үйретілген македондықтарға билік етесін, мен –аштыққа да, шөлге де төзімді скифтер­ге» басшылық етемін. Сөйтіп астындағы атын тазалап жатып Филипптің елшілерінен сұрап: «Филип осылай істей ме?» Та­маша сыбызғышы Исменияны тұтқынға түсіріп оған сыбызғыда ойна деп бұйырады. Барлығы соның ойнынан таңданыс білдіргенде, ол жылқының кісінеуін сыбызғыданда артық көремін- деп ант-су ішіпті.

Енді қараңыз қаншы дәуір өтсе де қазақтың Ұлы дала­сындай маңдайына іргелі елі сыйған мейірімді, мерейлі жұмсақ жүзінен имандылықтың, шапағаттың нұры төгілген Елба­сымыз атқа міну мәселесін айту арқылы Ұлы дала мәдениетінің ұмыт қалған қырын қозғап отырған жоқ па. Я, ерте дәуірдің өзінде бабаларымыз жылқыны сұрыптау, будандастыру, сапа­ландыру, тәулігін жүз шақырым желіп өтетін жорық аттарын дайындаудың биологиялық әдіс-тәсілін жете меңгеріп отырған. Бұдан жоғары , бұдан құнды Ұлы далада қандай мәдениет болуы мүмкін дейміз.

Шындығында Ұлы дала тұрғындары табиғатпен тұтасып өмір сүрген, оның жаратылыс заңдылығын жете меңгеріп отырған.Өмір сүріп отырған орта­сына көзінің қарашығындай қарап қамқорлық жасап, табиғаттық қас-қабағын жазбай танитын сұңғыла болғаны тарихқа тән-белгілі. Бұл дегеніміз ешқандай оқымыстылық емес тек табиғи таланттылықтың қан мен бірге келетін түйсік — танымының ерекше бір қасиеті. Яғни, Ұлы далалықтар еуро центристер айтып жүргендей тек қой баққан ел емес, ой баққан білімнің отын маздатқан ел екенін танытып келеді.

Ойды ой қозғайды десек қазіргі жапа тармағай әскери күш-қуаттарын көрсетуге ұмтылушылар пайда болып этносаралық, конфессияаралық шиеліністер қозғалып жатқан шақта Қазақстанның Ұлы дала­сы бейбіт өмірдің бесігіне ай­налып отырғаны, Елбасының түрлі этнос пен дін өкілдері мекендеген елімізде қоғамдық келісімді өнеге бастамасы, әрбір пікірі әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаға ие болуда. Сонымен қатар Елбасының жарық көріп жатқан кез келген енбектерінде тарихи оқиғаларға толы. Бұл тұрғыда кезінде Н.Назарбаев «Рухы мықты халық қана мықты мем­лекет құра алады» деп жазып өзін сүйген ұлтының тарихына терең үңіліп, сонау 1994 жылы «Тарих толқынында» атты кітәп жазып «Мен өз халқымның кемінде бес мың жылдық тари­хын білуім керек» деп, әрі қазақ руханияты өркениетінің негізгі он екі жолын ашып көрсетіп еді. Ал, «Тәуелсіздік дәуірі» кітәбінда сонау 1991-1995 жыл­дар аралығындағы тәуелсіздік дәуіріндегі бастапқы ең қиын жылдар көзге оралады. Әрине, бұл қиындық тәуелсіздік алған әр мемлекеттердің басында бар еді. Бірақ солардың ішінен алға суырылып шыққан Қазақ елінің Орталық Азия өңірі көшбасшысы болуы Елбасымыздың Ұлы даламыздың қауіпсіздігі мен татулығын ойлаған көрегендігі еді. Бұл ширек ғасыр ішінде халықаралық денгейде мой­ындалды да. Сол сияқты Ұлы даланың Ұлы адамы Елбасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде Нью-Йорктан бүкіл әлемге таралған 25 баптан тұратын нақты мәлімдемесіне жоғарғы баға беріліп бұл бағытта жаңа леп пайда болғаны тағыда мойындалды.

Ұлт тек қана ұлттық ынтымақ жағдайында ғана өз мүддесіне жете алады десек сан жылдар бойы халықтық қасиетімізден айырып, ұлтсыздандыруға, тарихынан айырып, рухсыздандыруға бағытталған отаршылдық дертінің емшісі – Елбасы бола білді.

Енді Ұлы дала елінің алдындағы ең үлкен мақсат 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің ішіне кіру екені айдан анық. Міне, Елбасы Ұлы дала халқын бірыңғай — біртұтас ұлт болуға бастап отыр. Елі сүйген Елбасының мына тұжырымында «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін»,- дейді.

Олай болса Мәнгілік ел – Ұлы даланы қалыптастыру жолындағы міндеттерді орындау болашағымызды, келешегімізді кемелдендіріп жарқын етері сөзсіз.

Мэлс АЙТБАЕВ,

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп — гимназиясының

тарих пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: