ЖАҚТАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Еліміздің саяси кеңістігінде жаңадан құрылған «Respublica» партиясы Талдықорғанда жақтастар форумын өткізіп, алдағы сайлаудың үгіт-насихат жұмыстарын таныстырды.

Б.Римова атындағы дра­ма театрының сахнасына «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназа­ров, тең төрағалары Динара Шу­кижанова, Сырымбек Тау және Парламент Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығына канди­даттар шығып, партияның сай­лауалды бағдарламасын таны­стырды. Олардың айтуынша, қазіргідей мың құбылған кезеңде құрылған партияның мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесінде қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін топтастыруға және ұсынуға арналған саяси күш құру. Соған байланысты партия күшті кәсіпкерлік мәдениетті құруға баса назар аударып, нақты және тұрақты ережелері бар бизнес-ортаны қалыптастыруға күш сала­ды. Одан бөлек, халықтың білімді болуын, денсаулық саласында сапалы өзгерістер қалыптасуын, Қазақ мәдениетін кеңінен қолдану сынды құндылықтарды ұстанады.

Еліміздің барлық өңірінде филиалдарын ашып, ар­найы сайлауалды штабтарын жасақтаған «Respublica» партия­сы биылғы сайлауға 182 канди­дат қатыстырмақшы. Олардың 23-і ҚР Парламенті Мәжілісіне, 159-ы аймақтық мәслихаттарға, ал Жетісу облысында 8 кан­дидатты облыстық, аудандық мәслихаттарға ұсынып отыр.

М. ӘСЕТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: