Жақсы жол елге жора… дегендей қай жақа сапар шексекте алдымен жолдың сапалы болғанын қалаймыз.
Қазіргі таңда бұл қиындықтардың орны толып, жыл сайын ауданымызда жол жөндеуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Біздің аудан бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 915 км. құрайды. Оның ішінде республикалық маңыздағы автожолдың ұзындығы – 94 км. Облыстық маңыздағы автожолдардың ұзындығы – 508 км. Аудандық маңыздағы автожолдар (көше жолдары) – 312,9 км. құрайды. 2019 жылы елді-мекендердің көше жолдарын жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен 650 млн. теңге қаражат бөлінді, оның ішінде Жансүгіров ауылының көше жолдарын орташа жөндеуден өткізу үшін 145 млн. 100 мың теңге, ағымды жөндеуге 30 млн. теңге, велосипед жолақ жолдарына 79 млн. 900 мың теңге, Ойтоған ауылдық округіне орташа жөндеуге 76 млн. 400 мың теңге. Қапал ауылының көше жолдарын күрделі жөндеуге жалпы 310 млн. теңге. Елді мекендердің көше жолдарын қысқы күтіп — баптау жұмыстарына 9 млн. теңге бөлініп, барлық ауылдық округтеріне отырғызылып берілді.
2020 жылға ауданның автомобиль жолдарының күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 428 млн. 323 мың теңге бөлініп, мамыр айынан бастап ауылдардың көше жолдарына жөндеу жұмыстары жасалуда. Қапал ауылының көше жолдарын күрделі жөндеуге 330 млн.теңге. Матай ауылының көше жолдарына орташа жөндеуге 50 млн.теңге. Жаңалық ауылының көше жолдарын орташа жөндеу 48 млн. 323 мың теңге. бөлінді. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Ақсу ауданына қарасты 12 ауылдық округтердің ішкі көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 652 млн 242 мың теңге қаражат бөлінді. Суықсай ауылының көше жолдарына орташа жөндеуге 68 млн 453 мың теңге каражат бөлінсе, Көкөзек ауылының көше жолдарына орташа жөндеуге 47 млн 514 мың теңге, Сағабүйен ауылының көше жолдарына орташа жөндеуге 49 млн 526 мың теңге, Сағакурес ауылының көше жолдарына орташа жөндеуге 48 млн. 616 мың теңге, Алтынарық ауылының көше жолдарына орташа жөндеуге 47 млн. 213 мың теңге,Кеңжыра ауылының көше жолдарына орташа жөндеуге 50 млн. 6 мың теңге, Жансугуров ауылының көше жолдарына орташа жөндеуге 23 млн. 776 мың теңге, Қаракөз ауылының көше жолдарына орташа жөндеуге 149 млн. 323 мың теңге, Молалы ауылының көше жолдарына орташа жөндеуге 23 млн. 560 мың теңге, Көшкентал ауылының көше жолдарына орташа жөндеуге 50 000 млн. теңге, Алажиде ауылының көше жолдарына орташа жөндеуге 44 млн. 255 мың теңге, Есеболатов ауылының көше жолдарына орташа жөндеуге 50 000 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда аталған 12 ауылдық округ бойынша жолдарды жөндеу жұмыстары қызу жургізілуде. Аталған ауылдардың жолдарын жөндеу жұмысын қараша айының соңына дейін бітіру жоспарланған.
Бұл біздің биылғы жылы жүзеге асырған жұмысымыздың бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта ауданның барлық ауылдарына назар аударып, тұрғындардың сұранысына сай сапалы жол саламыз деген үміттеміз. Аудан әкімдігі мен біздің мекеме қызметкерлері тұрғындардың сапалы жолмен жүруіне барынша күш-жігер жұмсап, лайықты қызмет етеді деп айта аламыз.
Жәнібек БЕЙСЕБАЕВ,
«Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» басшысы.